Жасанды сана және адамзаттың жаңа дәуірі Жасанды сана және адамзаттың жаңа дәуірі

Жасанды сана және адамзаттың жаңа дәуір‪і‬

    • 3,99 €
    • 3,99 €

Descrição da editora

2017 жылы AlphaZero нейрон желісі үздік шахматшы атанды. Ойын ережесін ғана білетін ол небәрі төрт сағаттың ішінде бірегей жеңіс тактикасын құрастыра алды. Үш жылдан кейін Массачусетс технология институтындағы жасанды интеллект бағдарламасы біршама күрделірек тапсырманы орындай алды   —   антибиотиктің жаңа түрі галицинді ойлап тапты. Ол барлық басқа дәрілік препараттарға төзімді бактерияларды жоя алады.

     Бағдарламалық қамтамасыз ету өмірдің барлық саласында еніп жатыр: көлік индустриясында, медицинада, саудада, қаржыда, құқық қорғау органдарында және басқа салаларда қолданылады. Нейрон желілері өмір бойы не ондаған жылдар бойы зерттеумен айналысатын адамдарға қарағанда идеялар мен инновацияларды тез ойлап таба алады. Ғалымдар ЖИ арқасында жаһандық мәселелерді шеше алатынымызға сенеді: қатерлі дерттерге дәрілер табу, белгілі бір аймақтардағы аштық пен төмен білім деңгейін шешу, мұхиттар мен ғарышты қауіпсіз игеру. Бірақ жасанды интеллектті пайдаланудың теріс салдары да болуы мүмкін, өйткені оның жұмысындағы көптеген процесс адамдар үшін түсініксіз болып қалады.

     Бұл кітаптың авторлары ЖИ пайда болуына байланысты мүмкіндіктер мен қиындықтар туралы пайымдарды жинады. Олар біздің тарихымызда болуы мүмкін түбегейлі өзгерістерді, әлемді ұғынуды және ондағы рөлімізді түсіндіреді және ЖИ-дің қоғамымыздың болашағына әсерін түсінуге көмектеседі.

GÉNERO
Computadores e Internet
LANÇADO
2024
10 de outubro
IDIOMA
KK
Cazaque
PÁGINAS
190
EDITORA
Zerde Publishing
INFORMAÇÕES DO FORNECEDOR
LIDER PUBLISHING
TAMANHO
1,7
MB